Ресейде үш вирус түрі өршіп тұр

236

0

Фото: iz.ru

Ресейде тұмау, COVID-19 және жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) ауруларының артуы байқалды, деп хабарлайды Kazinform «Известия» газетіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Роспотребнадзор мен Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институты мәлімдеді.

Басылым аурушаңдық көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 128,1 жағдайды құрайтынын, бұл негізгі нормадан 83 пайызға жоғары екенін анықтады. Осы тұрғыда сарапшылар Ресейде үштік вирустық індет басталғанын мойындаған.

Олардың мәліметінше, қазір негізінен А (H3N2) тұмауы тарауда.

Арнайы зерттеушілер ақпан-наурыз айларында вирустың тарау қарқыны төмендеуі мүмкін деп болжап отыр.

«Роспотребнадзор» 2023 жылдың 18-24 желтоқсаны аралығындағы апта ішінде инфекция деңгейі тағы 5 пайызға өскенін хабарлады. Бұған қоса, Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институты қараша айының басынан бері аурушаңдықтың біртіндеп артқанын хабарлады. Бұған дейін инфекционист Ирина Давыдова 2024 жылы жаңа пандемияға алғышарттар жоқ екенін айтқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<