Республикалық турнир мәресіне жетті

449

0

Қазалыда КСРО спорт шебері, Қазалы ауданында күрес мектебінің негізін қалаушы, профессор Қуандық Бәкеновті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Әйтеке би кентіндегі №17 аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өткен турнирдің жабылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, жарыста жеңіске жеткен балғын балуандарды марапаттады.

Айта кетейік, республикалық турнирде Қырғызстан Республикасынан және еліміздің Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарымен қатар Шымкент қаласы және аудандардан келген 230-ға жуық жас балуандар бақ сынады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<