Риддерде жылыту маусымы келесі айға дейін созылатын болды

713

0

Риддер қаласындағы жылыту маусымы сәуір айында аяқталмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддерде өткен жылдың күзінде басталған жылыту маусымы сәуірдің 29-ында аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда ауа температурасының төмендеп кетуіне байланысты шегеріліп отыр.

«Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері ауа температурасы күрт суытады. Сондықтан жылыту маусымы әзірге аяқталмайды. Шамамен 3 мамырға дейін созылуы мүмкін», – деп хабарлады жылу электр орталығынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<