Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауда

4

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу, елді мекендердегі қора-жайлар мен мал ұстайтын орындардың санитарлық тазалығын сақтау мәселелері қаралды. Жиынға ауылдық округ әкімдері селекторлық режимде қатысты.

Мәжілісте жауапты мекеме басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасап, алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды. Аудан әкімі елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуін, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және санитарлық талаптардың қатаң сақталуын тапсырды.

Сондай-ақ, қора-жайларды, аулаларды және мал қалдықтары жиналатын орындарды тұрақты түрде тазалау, залалсыздандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарға салғырт қарауға жол берілмейтінін ескертіп, ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі