«СапарLike» бағдарламасының алғашқы шығарылымы шықты

256

0

Бүгін сағат 9:30-да Қазақ радиосында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауымен ішкі туризмге арналған «СапарLike» бағдарламасының алғашқы шығарылымы шықты.

Бағдарлама Қазақстандағы ең танымал туристік орындарға саяхаттау үшін қандай туристік бағыттарбар екені туралы айтып, сапар шегу барысында қажет болатын әртүрлі пайдалы ақпаратты беруді көздейді.

Әр хабарға белгілі саяхатшылар мен туризм саласының қайраткерлері шақырылатын болады. Олармен әңгімелесу барысында белгілі бір туристік нысанға жету жолдары және жол бойы қосымша көруге болатын табиғи және киелі жерлер туралы айтылады.

Бағдарламаның басты элементі – Қазақстанның 20 ең танымал туристік орындарына бару бойынша сайыс болады. Бұл сайыс Астананың 20 жылдығына орайластырылған.

«СапарLike» бағдарламасыныңтізіміндегі еліміздің 20 туристік нысанына барып, суретке түсіп, оны Instagram немесе Facebook әлеуметтік желілірінде #saparlike #kazakhtourism #qazaqradiosy  хэштегтерімен бөлісу керек.

Ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, оның ішінде флагмандық смартфондарменжәне түрлі саяхат сертификаттарыменмарапатталады.

Бағдарлама әр апта сәрсенбі мен жұма күндері сағат 9.30-да тікелей эфирде шығатын болады. Сонымен қатар,хабар Қазақ радиосының Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында да көрсетілетін болады.

Хабардың алғашқы шығарылымын мына сілтеме бойынша тыңдай аласыз  https://www.facebook.com/100017861205031/videos/218973135374725/

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<