«Сардарлар» сынға түсті

317

0

Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейде V «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.

11 сынып оқушылары арасында өткен олимпиадада қатысушылар физика, математика, қазақ тілі және алғашқы әскери даярлық пәндерінен тест тапсырып, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, белтемірде тартылу, 100 метрге жүгіруден сайысты. Нәтижесінде І орынды №272 орта мектептің оқушысы Р.Шаймерденов, ІІ орынды №80 мектеп-гимназияның оқушысы Р.Еңсепов иеленді. ІІІ орын №105 мектеп-лицейдің оқушысы Н.Сәдуовқа бұйырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<