Шиеліде аймақ басшысы атынан ауызашар берілді

429

0

Фото: Шиелі ауданы

Кеше аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың атынан орталық мешітте Шиелі жұртшылығына ауызашар берілді.

Ауызашар шарасына ауданның зиялы қауым өкілдері, түрлі сала ардагерлері, еңбек адамдары қатысты.

Аудан басшысы Нұржан Ахатов жұртшылықты Рамазан айымен және мың айдан да қайырлы Қасиетті Қадір түнімен құттықтап, бірлік пен береке, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын қасиетті уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектерінің қабыл болуына өз тілегін білдірді. Әрі жұртшылықты табиғи апаттан зардап шеккен аймақтағы ағайынның тілеуін тілеп, дұға етуге шақырды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<