Шұғыл ақпарат

543

0

Қызылорда қаласының тұрғындары үшін ауа райының қолайсыздығына байланысты техникалық ақау туындады. Қаланың бірқатар бөлігінде тұрғындар жарықсыз қалды.

Ақауды жөндеу үшін бірнеше сағаттан бері арнайы бригадалар жұмыс жасауда.

– Қазіргі таңда апаттық ажыратулар орын алған аймақтарда түнгі уақыттан бері 15 апаттық бригада қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қалпына келтірілген аймақтарда электр жарығы тұрғындарға тұрақты түрде беріліп жатқанын хабарлаймыз. Құрметті тұтынушылар туындаған келеңсіз мәселелерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, – «ҚЭТТК» АҚ мамандары.

Айта кету керек, Рисмаш және Шанхай, Әл-Фараби аймақтарында және «Промышленный» #17, 11 қарасты Коммунизм мен #43 мектеп аумағы электр жарығына қосылғанын хабарлады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<