Шымкентте соққыға жығылған медициналық академия профессоры көз жұмды

135

0

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Шымкентте медициналық академия профессоры қайтыс болды. 1967 жылы дүниеге келген ер адам ауыр халде №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда оқу орнының профессоры 5 күннен соң аурухана төсегінде көз жұмды.

Жедел жәрдем көлігімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген пациентке жабық бас сүйек миының жарақаты диагнозы қойылған. Ес-түссіз болған науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер науқасты емдеуге барын салғанымен, оны аман алып қала алмады.

Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Күдікті анықталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген полиция мәліметінде.

Әлеуметтік желілерде медициналық академия профессоры көшеде соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Оны 11 сынып оқушы аясыз ұрып-соққан көрінеді.

Бұған дейін Алматы қаласында саябақта кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қатты соққыға жығылып, қайтыс болғаны туразы жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<