Спартакиадада сырбойылықтар жүлделі орын иеленді

190

0

Қызылордалық команда Талдықорғанда өткен көгалдағы хоккейден Қазақстанның V жазғы спартакиадасында жүлделі орынға ие болды.

Ерлер арасында бірінші орынды Алматы облысының командасы иеленді. Күміс жүлдені – Қызылорда облысы, қола медальді Алматы қаласының өкілдері иеленді.

Қыздар арасында республикалық турнирдің «алтынын» сырбойылықтар жеңіп алды. Екінші орында – Алматы облысы, үшінші орында Батыс Қазақстан облысы орналасқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<