Спорттық сайыс өткізілді

285

0

  Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімі мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерімен бекітілген мәдени-спорттық іс шаралар жоспарына сәйкес мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға  шахмат, дойбы, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен сайыс өткізілді. 

Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу – бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде, бірнеше қылмыс жасаған және ауыр қылмысты қайта жасаған адамдарды түзелу жолына салу біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы, ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары. «Мекеме басшылығы жазасын өтеуші азаматтарды темір торда телміртіп отырғызбай уақытын тиімді түрде өткізуді ұтымды пайдаланып отыр. Бұл жазасын өтеуші азаматтардың қайтадан қылмыс жасауына жол бермеудің бірден-бір жолы», – дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Б.Омаров.

        Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа 20-ға тарта жаза мерзімін өтеуші азамат аса белсенділікпен қатысып, жарыс көркін қыздырды. Аса белсенділікпен атсалысып, тартысты өткен шахмат сайысында І орынды Ж.Қ иеленсе, дойбыдан І орынды А.Ж  және  гір тасын көтеру сайысы бойынша жүлделі І орынды  № 5 жасақтан М.Е иеленді. Аталған спорттық іс-шараның өз деңгейінде өтуіне Қызылорда облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының әдіскер нұсқаушылары Әбдісадықов Аңсат  және Бертай Сағидат есімді қызметкерлер төрелік жасап, сайыс қорытындысы бойынша  сайыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапаттады.

 

Б. Байдүсен

ҚАЖ департаменті

ЗК-169/ 5 мекемесінің

САӘПТЖББ-нің

отряд бастығы

әділет  лейтенанты.            

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<