6 мыңнан аса өтініш түсті

553

0

1 сәуірден бастап облыс бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауға бүгінде 6289 өтініш түсті. Оның ішінде 90,1%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов мәлімдеді.

Облыс көлемінде бірінші сынып оқушы­ларының құжаттары «элек­тронды үкімет» веб порталы арқылы қабылданады. Электронды түрде қабылдау мүлде мүмкін болмаған жағдайда ғана қағаз түрінде қолма-қол жүзеге асырылады.

Мектепке 6 жасқа толған және биыл 6-ға толатын балалар қабыл­данады. Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жас­та болса ғана қабылданады. Ал ба­ланың жасы жетпесе тек ата-анасы немесе заңды тұлғалары қала­ған жағдайда мектепке бару мүмкіншілігі бар. Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш білдірген 3 үміткер, содан кейін басқа аумақтан 1 үміткер қабылданады. Білім беру ұйымдары міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден талап етуге құқығы жоқ. Сонымен қатар мектепке қабылдану үшін ешқандай емтихан тапсырылмайды, – деді Бағдат Камбозұлы.

Жалпы, Сыр өңірінде 2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа 17 615 оқушы қабылданады деп күтілуде. Құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<