«Сүйісуіне рұқсат». Шерхан Пірназардың жұбайы актердің ашық сахнаға түсуіне көзқарасын айтты

724

0

Фото: "Revue news"

Танымал актер Шерхан Пірназардың әйелі Айжан Жұмабек «Revue news-қа» берген сұхбатында жолдасының ашық сахнаға түсуіне көзқарасы қандай екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің жары күйеуінің сахнада сүйісуіне рұқсатын берген. 

– Шерханға сахнада сүйісуге рұқсат бергенім рас. Ол жұмыс қой, бірақ қазір кішкене қарсымын. Оған қоса, қызы туғаннан кейін өзі де қарсы. Менен емес, қызынан ұялып жүр. Рұқсатты басында бердім. Үйленгеннен кейін екі жоба сүйісті, бірақ мен оларды көрмеуге тырысамын. Егер ол біздің жоба болса, түсірілім алаңына бармаймын, – деді актердің әйелі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<