Судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін: «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуді жариялады

629

0

Фото: arhar.kz

«Қазгидромет» РМК 11 наурыздағы деректері бойынша дауылды ескертуді жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

12 мен 14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу Алматы облысы және Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің жоғарылауы күтіледі.

Сондай-ақ 12 мен 14 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<