Сыр жастары жеңіс төрінде

172

0

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет «Үркер» Ұлттық сыйлығы байқауының жеңімпазы, «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Нұрсұлтан Мықтыбаевты қабылдап, құттықтады. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Нұрсұлтанның жеңісі – Сыр журналистикасы үшін үлкен жетістік екенін ерекше атап өтті.

Мұнан соң өңірлік ком­му­никациялар қызметінде бай­қау жеңімпазы Нұрсұлтан Мық­тыбаев, облыстық «Жас Ұлан» ББЖҰ қо­ғамдық бірлестігінің  төрайымы Гүлайым Ақ­мыр­заева мен медиа чемпионаттың қатысушысы Шернияз Жалғасбекұлы брифинг өткізді. Онда медиасауаттылық бойынша өткен рес­публикалық чемпионат пен «Үркер» Ұлт­тық сыйлығы турасында айтылды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін, «Үркер» ұлт­тық сыйлығы биыл да жалғасын тапты. Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үз­дік жұмыстарға арнал­ған сыйлықтың мақсаты – журналистика мәртебесін арттыру, талантты журналистер мен шығар­ма­шылық ұжымдарды анықтап, олардың қоғам дамуына қос­қан үлестеріне құрмет көрсету.

– Биыл байқау 2 қазан мен 5 қараша аралығында, 11 аталым бойынша ұйым­дастырылды. «Жыл ре­портажы» аталымына 159 өтініш қабылданып, оның 4-і ақтық сынға түсті. Соңғы кезеңде қазылар алқасы жасырын түрде дауыс берді. Бұл жетістік менің ғана емес, Сыр журналистикасының жеңі­сі деп білемін, – деді байқау жеңімпазы Н.Мықтыбаев.

Ал медиасауаттылық бо­йын­ша республикалық чем­пио­нат елімізде алғаш рет ұйым­дастырылды. Елі­міздің барлық өңірінен 20 команда бақ сынаған. Қатысушылар кибер­қауіп­сіздік, медиа­сауаттылық, IT, жур­на­лис­тика саласындағы же­текші сарапшылардан дәріс тыңдады. 14 пен 29 жас аралығында өткен чем­пионатқа аймақтан 5 жас қатысып, «Үздік команда» но­минациясын жеңіп алды.

– Жобаның мақсаты – жастар мен балаларды ин­тер­нетке тәуелділіктен арылту. Желідегі әрбір ақ­параттың дұрыстығы мен бұрыстығына көз жеткізе білу, дұрыс ойлауға тәрбиелеу. Тре­нинг бары­сында жастар фак­тчекинг, fakenews немесе fake ту­ралы мағлұмат алып, тә­жірибе жинақтады, – деді облыстық «Жас Ұлан» ББЖҰ қоғамдық бір­­лес­тігінің төрайымы Гүлайым Ақмырзаева.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз