Сырдария ауданына қарасты елді мекендер көгілдір отынға қосылады

428

0

Биыл Сырдария ауданына қарасты Қалжан Ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағамбетов, Шаған елді мекендерін көгілдір отынға қосу үшін республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, газ желілері жүргізілетін болады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев хабарлады.

– Бүгінде Тереңөзек кенті табиғи газбен толық қамтамасыз етілген. Ал ауданға қарасты елді мекендерді газдандыру кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Биыл республикалық бюджеттен құны 298 млн.теңгені құрайтын қаржыға Қалжан ахун ауылына газ желілері жүргізіледі. Ал С.Сейфуллин және А.Тоқмағамбетов ауылдарын газдандыруға 40 млн.теңге қарастырылды. Сонымен қатар, демеушілік есебінен жасалған Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасына бюджеттік өтінім ұсынылса, Бесарық, Ақжарма елді мекендерін көгілдір отынмен қамту жобалары қолға алынды, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<