Сырдария орман шаруашылығы мекемесінің директоры тағайындалды

300

0

Фото: Табиғат ресурстар басқармасы

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8ЖҚ бұйрығына сәйкес Бисенбаев Болат Берікұлы басқармаға қарасты «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.

Болат Берікұлы 1987 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылдан 2010 жылға дейін Қазалы аудандық зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бөлімінің маманы болып бастаған.

2010-2011 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде жетекші маманы;

2011-2013 жылдары Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің жетекші маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы;

2013-2014 жылдары «EBRASCON» Еуроазиялық құрылыс корпорациясы»ААҚ Қызылорда филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы;

2014-2015 жылдары Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бас маманы;

2015-2016 жылдары Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қаржы шаруашылығы, табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру бөлімдерінде уақытша бас маман;

2018-2021 жылдары Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру бөлімінің басшысы;

2021 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін абыроймен атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<