Сырдарияда шағын цех ашылды

187

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгінгі таңда кәсіпкерлікпен айналысатындардың қатары көбейіп келеді. Себебі кәсіп ашып, жұмыс істегісі келетіндерге жағдай жасалған.

Солардың қатарында Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылының тұрғыны жас кәсіпкеріміз Шакизат Бауыржанұлы да бар. Ол өз қаражатымен кәсіп бастап қазіргі таңда Евро қоршау материалдарын өндіретін шағын цехын ашқан.

Аталған цехы евро қоршау материалдарының бір неше түрін шығарып, тәулігіне 15 метрден қоршау өндіріп, жұмыс жасауда. Бүгін де бұл кәсіпке сұраныс артуда.

Мен өзім ашқан кәсіп арқылы 2 адамды жұмыспен қамтыдым. Болашақта мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие алып, жұмыс күшін көбейту ойда бар. Егер кәсіп әрі қарай жанданса, алда жасау керек жоспарлар көп – дейді кәсіпкер.

Сырдария ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<