ТАБИҒАТ ТІЛДЕСКЕН САЙЫН ТҮЛЕЙДІ

264

0

Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы еліміздегі экология саласына 30 жыл толуына арналған «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» атты айлық шара ұйымдастырды. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында  қорытындыланған шарада «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы  Л.Жүсіпова қоршаған ортаны қорғаудың маңызы жайлы әңгімелеп, саланың 30 жылдығына ­байланысты тілегін жеткізді. 

Кафедраның аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Г.Асқарова айға созылған шара аясында «Арал өңі­рінің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында ашық лекция оқылып, «Бәсекеге қабі­летті мамандықты таңдай білейік, жас дос!» атты ашық есік күні және «Жа­сыл аймақ» экологиялық ак­ция­сы ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, «Қызықты экология» интеллектуалды шоу, «Табиғат –тір­шіліктің нәрі» тақырыбында өлең оқу сайысы, қаладағы ЖОО мен колледж студенттері қатысуымен экологиялық олимпиада ұйымдастырылды.     

Салтанатты шарада жеңімпаз сту­дент­тер марапатталды.

 

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<