Құтқарушылар сабақ жүргізуде

239

0

Төтенше жағдайларды болдырмаудың маңызды бір әдісі – қауіпсіздік шаралары жөнінде оқытуға бағытталған үгіт – насихат жұмыстары, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу.

2018 жылдың маусым айының 5-6 күндері ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сабақ өткізді.

Сүңгуір бөлімінің басшысы Федосияди Андрей және бөлімшенің бас құтқарушысы Жексембиев Жасұлан – су айдынында қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдай орын алған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керек екенін айтты және суға батқан зардап шегушіні құтқару тәсілдерін көрсетті.

Медицина – психология бөлімінің медбике құтқарушысы Сатыбалдиева Жанат суға батқан зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша дәріс оқыды.

Сабақ соңында су айдынында қауіпсіздік ережелері, құтқару тәсілдері және алғашқы медициналық көмек көрсету туралы бейне роликтер көрсетіліп, сонымен қатар су айдынында техника қауіпсіздік ережелері жөнінде парақшалар таратылды.

Осы 2 күн оқу барысында барлығы 150 қызметкер оқытылды.  

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<