Тікұшақпен келген құдаларға бір қазақ бума доллар шашты

337

0

Сурет: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде құдалыққа тікұшақпен келіп жеткен бір топ адамның видеосы тарады. Ол арада қазақы салт бойынша шашу шашылады, бірақ тәтті емес, оның орнына АҚШ доллары төбеден ұшып, жұрт қанталапай болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоғы үнпарақтан көрініп тұрғандай, қуаныш иелері – Бекмұқай мен Регина. Ал құдалардың ұшып жеткен жері – Тұздыбастау ауылы. Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылы ма, әлде басқа өңірдегісі ме, ол жағы нақты емес.

Бәрінен қызығы, шашу кезі. Шашуды қарсы алғандар шашқанға ұқсайды. Өйткені тікұшақтан түскендер жердегі АҚШ долларын таласа-тармаса жинап алуда.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның осы өңірде болғанын нақтыламады. Бірақ видеодан қандай да бір заң бұзушылықтарды көріп тұрмағандарын айтады.

Тікұшақты жалға беру Қазақстанда заңды қызмет түріне жататынын еске сала кетелік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<