Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің төрағасы болды

353

0

Фото: economy.gov.kz

Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды болатын.

Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<