Тоқаев әкімдіктердің ұстаздарды түрлі шараларға жұмылдыруына қатысты пікір білдірді

265

0

 Тоқаев әкімдіктердің ұстаздарды түрлі шараларға жұмылдыруына қатысты пікір білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктердің ұстаздарды түрлі шараларға тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Жергілікті әкімдік ұстаздарды әкімшілік мақсаттарға, білім беру саласына еш қатысы жоқ түрлі шараларға жұмылдыра отырып өз өкілеттіктерін асыра пайдаланады», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің пікірінше, білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі – ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің ескерілмеуі.