Тоғызқұмалақшылар топ жарды

307

0

Қызылорда қаласында өтіп жатқан мемлекеттік қызметші күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХХVII дәстүрлі спартакиада да жерлестеріміз тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Жарыста аудан намысын арқалаған аудан әкімі аппаратының бас маманы Аман Кеңесбаев, Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айткүл Ілияс және Құмжиек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Санат Жұмашев қарсылас шақ келтірместен, қатысқан 6 команданың барлығын жеңді.

Осылайша ерекше ойынымен көзге түскен жерлестеріміз облыс құрамасына ілікті. Олар алдағы уақытта мемлекеттік қызметші күніне орай Талдықорған қаласында өтетін республикалық спартакиада да өнер көрсететін болады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<