ТҰРАҚТЫ ДАМУ – ТАБЫС ТЕТІГІ

217

0

  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев өткен жылы ауданда атқарылған іс-шаралар мен әлеуметтік-экономикалық дамудың жай-жапсарын баяндады.

– Бүгінде Сырдария ауда­нының әлеуметтік-эконо­мика­лық, рухани және мәдени салалары қарқынды даму үстінде. Өткен жыл ауданымыз үшін жетістік пен жаңалыққа толы табысты жыл болды. Ауданда 2115 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тір­келіп, онда жұмыспен қам­тыл­ғандар саны 5284 адамды құрады. Сондай-ақ, кә­сіп­керлік саласын дамытуға ерек­ше басымдық берілді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бой­ынша 10 жоба, гранттық қаржыландыру тетігі бойынша 28 жоба, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 183 жоба, «Микробизнес Қы­зыл­орда» бағдарламасы шең­бе­рінде 29 жоба қаржылан­дырылды. Ал аудандық кә­сіп­керлік палатасы арқылы 152 адам «Бизнес-Кеңесші» кур­сынан өтсе, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 170 адам оқытылды, – деді аудан әкімі.

Білім беру сапасын арттыру бойынша жүргізіп келе жатқан жұмыс та өз нәтижесін беруде. Аудан мектептерінен 2017-2018 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 216 мектеп бітірушіден 180 түлек мемлекеттік білім беру грантын иеленіп, облыс бойынша 1-орынға ие болды.

Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер жүзеге асып жатқандығын айтуға бо­лады. Аудандық орталық ау­руханада 5 жаңа бөлімше ашылды. Атап айтқанда, соң­ғы талапқа сай қабылдау, ау­­данаралық оңалту, аудан­аралық паллиативті көмек көр­­сету, гинекология және екін­ші деңгейдегі перзентхана бөлімшелері.

Жалпы өңір­­де атқарылған шаралар әлеу­­меттік-эко­номи­калық даму­­дың оң динамикасын көрсе­­теді. Алайда даму дина­мика­сындағы тұрақтылық сақ­талғанымен әлі де тындырар тірлік көп.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<