Тіркелген көліктер саны 13,4% өсті

118

0

Қазақстанда 2018 жылдың бес айының қорытындысы бойынша былтыр осы кезеңмен салыстырғанда көлік құралдары 13,4% көп тіркелген, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоӨнеркәсіп мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындар одағының хабарламасында көрсетілгендей, есептік кезеңде әкімшілік полиция органдары 501 652 көлік құралын есепке қойған. Бұл былтырғы осы кезеңнен 13,4% артық. Оның ішінде 472 367-сі көлік илерінің ауысуына байланысты қайта тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,3% жоғары (420 447). Бірінші рет тіркелген көлік құралдарының саны -29 285. Бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 32,6% көп. Автомобиль нарығындағы мәмілелер динамикасы бұрынғыша отандық парктің ескіріп жатқандығын көрсетуде. Екінші нарықта қайта сатылған шығарылғанынан 20 жылдан астам уақыт өткен көліктердің үлесі 2017 жылдың қаңтар-мамырында 35,8% 39,4% өскен. Ал, 1-3 жыл аралығындағы көліктердің саны 7,5% 3,2% дейін қысқарған. Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар-мамырында қайта тіркелген көліктердің ең көп үлесі Алматы (73 100) және Оңтүстік Қазақстан облыстарына (69 754), Алматы қаласына (57 615) тиесілі. Ал, жаңа көліктердің көп саны Алматы (1 503, 20,3%), Астана (1 124, 15,2%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (693, 9,4%) тіркелген.