\»Түркістан ОҚО орталығы болды\» деген хабарға қатысты әкімдік жауап берді

242

0

Желіде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшкені жайлы ақпарат тарады. Ақпараттың растығын анықтау үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бейсен Тәжібаевпен байланысты.

Тәжібаевтың айтуынша, ақпарат әлі нақтыланбаған. «Бүгін кешкі бесте Оңтсүтік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясы шақырылып отыр. «Оңтүстік Қазақстан облысының орталығын Түркістан қаласына көшіру» мәселесі сонда талқыланады. Ал желіде таралып жатқан президент қаулысы тек жоба ғана», – деді Бейсен Тәжібаев Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне. 

Айта кетейік, бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сесиясында  қалалық әкімдік пен мәслихат  Шымкентке республикалық маңызы бар  қала мәртебесін беру жөніндегі шешімге қол қойды.  Енді бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қарауына жіберілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<