Туған жермен танысты

44

0

  Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы –  бұл – шын мәнінде ұлттық деңгейлі ауқымды жоба. Осы бағдарламаға байланысты  Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, рухани жаңғыру аясында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, туған жеріңе деген патриоттық сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Қармақшы ауданының тарихымен таныстырылды.   

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу шынайы патриотизмнің  маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез-келген халықты әшейін біріге салған қауым емес, шын мәнінде ұлт ететін мәдени генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғасыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жердің әрбір сай мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Міне, осындай өлкелердің бірі Сыр елі – Жыр елі – Қармақшы ауданының тарихын танып білуден бастау алды.

Қорыта келе «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланың иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек екендігін айтты.

Қармақшы ауданы 

Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз