Түлектер әкімдік тынысымен танысты

5

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандағы мектеп бітіруші үздік түлектермен кездесуден кейін аудан әкімдігі ғимаратында жас түлектерге арналған ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара барысында аудан басшысы оқушыларға әкімдік ғимаратын аралатып, ауданның құрылу тарихы мен өңірдің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан ел ағаларының еңбектері туралы кеңінен айтып берді.

Ғимаратты таныстыру кезінде аудан әкімі өзінің жұмыс кабинетін көрсетіп, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен елге адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жастармен еркін форматта пікір алмасып, олардың болашақ мамандық таңдауы, алға қойған мақсаттары және білімге деген ұмтылыстары жөнінде әңгімелесті.

Түлектер әкімдік тынысымен танысты

Кездесу барысында аудан басшысы жас түлектерге алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, өздері қалаған жоғары оқу орындарының студенті атануларына тілектестігін білдірді. Ол ел болашағы білімді әрі білікті жастардың қолында екенін атап өтіп, үнемі ізденісте болып, туған елдің дамуына үлес қосатын азамат болуға шақырды.

Кездесу соңында оқушылар аудан басшысымен естелік суретке түсіп, ашық есік күні аясындағы тағылымды жүздесуден ерекше әсер алды.

Қазалы ауданы әкімдігі