Түркияда денесі табылған адамның кім екені белгілі болды

614

0

Фото: Ашық дереккөз

Түркияда денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды, деп хабарлайда ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Ресми өкілдің хабарлауынша, 8 ақпан күні кешкісін Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында Түркия азаматы табылды. Ол аман. Оны алдымен Құбылай Кескин екен деп ойлаған, алайда Кескиннің туыстары оны растамады.

Бүгін 9-ақпан күні таңғы 9-да іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, оның барысында екі адамның денесі табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші дене Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі мәйіттердің Отанына жеткізілуіне барынша қолдау көрсетеді. Біздің құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Мірболат Құрмашевты іздестіру үстінде»,-деді Айбек Смадияров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<