Түркістанда 8 сағатқа созылған дала өрті сөндірілді

451

0

Түркістан облысында 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұта өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дала өрті 8 сағат ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

«Өртті сөндіру барысында жайсыз метеожағдай кедергі келтірді. Жылдамдығы 25 м/с-тан асатын қатты жел тұрғандықтан, өрт үлкен аумаққа тез жайылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыс аумағында өрт қауіпті аймақтарда кезекшілік ұйымдастырылды. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда алды», – деп жазды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өз Facebook парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<