Түркістан облысындағы Келес ауданында қырыққабат пісті

494

0

Фото: ашық дереккөз

Келестік шаруалар алдағы бір аптада қырыққабаттан алғашқы өнімді ала бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келес ауданының Ұшқын ауылдық округінде орналасқан ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі биыл 100 гектарға қырыққабат, 40 гектарға баялды (баклажан), 20 гектарға болгар бұрышын еккен болатын. Алдағы аптада шаруалар қырыққабаттан өнім жинауды бастайды. Жалпы жылдық жоспар бойынша кооперативте 400 мың тонна қырыққабат өнімін жинау жоспарланып отыр.

«Кооперативке 700 адамның жер үлес пайы біріктірілген. Қазір 403 гектар жерді тиімді игеріп отырмыз. «Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу» жобасы бойынша жұмыс істеп келеміз. Екінші өнім ретінде қызанақ, болгар бұрышы мен баялды егеміз, ал үшінші өнімге күздік қырыққабат дәнін отырғызамыз. Кооперативтің ерекшелігі – егістік алқабы тамшылатып суару әдісімен суарылса, тыңайтқышқа биогумус пайдаланамыз» – дейді кооператив төрағасы Берік Салиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<