Жарқынай Ханайым Аша Матайдың ағасымен не себепті ажырасқанын айтты

397

0

 Сурет: ашық дереккөзі

Жарқынай Ханайым үш жастағы қызы Айлана мен өзінің жеке өмірі жайлы «Мамский әңгіме» ютуб жобасында сұхбат берді. Әнші қазір актрисалық жағынан да өте көп фильмдерге түсіп, тетрда еңбек етіп жүргенін айтты. Жарқынай үш жылан бері күйеуімен ажырасып кеткенін, қазіргі күні қарым – қатынастары қандай екенін айтты.

«Біздің ажырасуымызға себеп көп қарап тұрсаңыз. Әйел адам бір қателікті көріп кетесалмайды. Менде де көп қиындықтар болды. Бірақ, айтарым бар. Ертең қызым өсіп сұраса да сол себепті айтамын. Күйеуімді қызғандым. оны жасыратын ештеңесі жоқ. Ол күйеуің болғаннан кейін қызғануға құқылысың деп білемін. айдар екеуіміз үйленгеннен жиі кикілжіңге келетінбіз. Сөйлеспей жүріп қалатын кездер де болатын.

Бірақ, ата-анамызбен бірге, бір шаңырақ астында тұрып жүрдік. Соңғы менің шыдамымды тауыстқаны айдардың сериалда ашық сүйісуі. Мен өзгелер сияқты ештеңе білмедім. Тек экраннан көрдім. жаныма қатты батты. Ол Айдардың да қателігі, маған айтуы керек еді. Ата-енеме, мен атын атай алмаймын Аққуға (Аша Матай), абысыныма алғысым шексіз. Олармен қарым-қатынасым әлі де жақсы.

Мен үйде жалғыз өскендіктен, қызым болашақта жалғызсырамаса екен деймін. Бүкіл бауырларымен араласса екен деймін. Қазір мен өнерге бет бұрдым. Айдар екеуіміз жақсы дос болып, қызымызға ол әкелік, мен аналық махаббатымызды сауатты бере алсақ деген ниетім бар. Айдарға жақсы жар бұйырсын деп Құдайдан тілеймін.Өйткені ертең Айлана әкесіне барса ол кісімен араласады. Сол кезде ауыр сөздер айтып қояды ма деп қорқамын», – дейді әнші Жарқынай.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<