Тұрғын үйдің төбесін жабу жолдарын қарастыруды тапсырды

906

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Әйтеке би кентіндегі В.Счастнов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйге арнайы барып, тұрғындар көтерген мәселені көрді.

Бұған дейін аудан әкімінің жеке қабылдауында көпқабатты үйде тұратын тұрғындар жаңбыр жауған уақытта пәтерлерінің төбесінен су тамшылайтынын айтып, көмек көрсетуді сұраған болатын.

Сол уақытта аудан басшысы тұрғындарға азаматтардың жеке мүлкін жөндеу үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылмайтынын түсіндірді. Дегенмен, бұл мәселені көзбен көру үшін арнайы барып, мүмкіндігіне қарай көмек көрсететін айтқан болатын.

Көпқабатты үйдің шатырына көтерілген Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентінің әкімі мен тиісті сала басшыларына кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрғын үйдің төбесін жабу жолдарын қарастыруды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<