«Мамский әңгіме» арнасына берген сұхбатында танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова бастарынан өткен ауыр жағдай туралы баяндап берді деп жазады Democrat.kz.
«Талай дүние басымыздан өтті ғой. Тоңазытқыштың ішінде жейтін түк жоқ күндер де өтті. Басымызға қиындық түскенде достарымыз да жоқ болып кетті. Көмектесетін туыстар да жоқ. Егер шешем тірі болғанда, сол кезде шешем көмектесер ме еді деп ойлаймын. КВН деп Тұрсынбек тіпті үйге де келмейтін. Беріліп жұмыс істеп, босамайтын. Тұрсынбекті жоғалтып алдым. Қатты қиналып, жылап алатынмын» деген Мөлдір Мұқанова балаларын осылайша қиындықпен өскенін айтады.