Үндістан «Чандраян-3» ғарыш аппаратымен байланыс орната алмай отыр

480

0

Фото: МИА «Казинформ»

Үндістан Айдың оңтүстік полюсінде миссиясын аяқтаған «Чандрян-3» ғарыш кемесімен байланыс орнату мүмкін болмай тұрғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат бұл туралы Аанадолы агенттігіне сілтеме жасап.

X әлеуметтік медиа платформасында жарияланған мәлімдемеде Үнді ғарыштық зерттеулер агенттігі (ISRO) Викрам қондырғышы мен Прагян кемесімен байланыс орнату әрекеттерінің сәтсіз болғанын айтты.

Мәлімдемеде «Викрам» мен «Прагяннан» сигнал алынбағаны жазылған: «Құрылғылармен байланыс орнату әрекеттеріміз жалғасады», – дейді онда.

Үндістанның ғылым және технологиялар министрі Джитендра Сингх өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында ISRO командасы ғарыш аппараттарымен байланыс орнатуға күш салып жатқанын атап өтті және байланыс сәтсіздігінің себебі «түнгі кезеңнен туындаған -150 градусқа дейін төмендейтін суық ауа райы» болуы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Үндістан Айға тарихи ғарыштық миссияны ұшырғаны хабарланған болатын. Чандарян-3 зымыраны Андхра-Прадештегі ғарыш айлағынан ұшып, жер серігіне қарай бет алған еді.

«Чандраян-3» ғарыш кемесі қонғаннан кейін Үндістан АҚШ-тан, бұрынғы Кеңес Одағы мен Қытайдан кейін Айға сәтті қонған төртінші ел және айдың «оңтүстік полюсіне жақын қонған» бірінші ел ретінде танылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<