«Үздік аула-2022» байқауына өтінім қабылдауда

578

0

Көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында «Үздік аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау бесінші мәрте өткізілуде.

Байқау шарты бойынша көпқабатты тұрғын үй ауласына жасыл-желекті  өз еңбегімен еккен кез-келген тұрғын қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo #Qyzylorda #Үздікаула2022 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, өз парақшасында суреттерді жариялау қажет.

Байқауға материалдар 4 шілде мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Жеңімпаз аулалар комиссия шешімен анықталады.

І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<