Мемлекеттік Рәміздер мерекесіне орай Қармақшы ауданы тұрғындарының арасында велошеру өтті.
Шараның мақсаты – Мемлекеттік Рәміздерімізді жастар мен жасөспірімде арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Велошеру Жосалы кенті орталығындағы «Қобыз» ескерткішінен бастау алып, Е. Көшербаев көшесі және Қорқыт Ата көшелерінің бойымен орталық алаңда қорытындыланды.