WhatsApp-та өшірілген хабарламаны оқудың амалы табылды

195

0

WhatsApp қолданушылары хат алмасуда өшірілген хабарламаны оқудың оңай жолын тауып алды, – деп хабарлайды  «Популярная механика» порталы.  
Мессенджердегі өшірілген хабарламаларды қалпына келтіру механизмі чаттағы резерв көшіру функциясы арқылы жүзеге асады, бұл функция қосымшаға әуелден енгізілген. Өшірілген хабарламаны оқу үшін қосымшаны өшіріп, қайтадан орнату қажет екен.  Мұндай жағдайда резерв көшіру арқылы сақталған барлық чат қайтадан қалпына келеді – онда өшірілген хабарламалар да болады. Алайда, порталдың мәліметінше, мұндай тәсіл құрылғы сөндіріліп, қайта қосылмаған болса және архив жаңарып үлгермесе ғана сәтті болады. Бұл әр түнде автомат түрде болып отыратын процесс.
 Еске салайық, жіберілген хабарламаны өшіру функциясы бір жылдан аса уақыт бұрын пайда болған еді: хабарламаны жіберген уақыттан бастап бір сағат ішінде ғана өшіруге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<