
Береке Дүйсебеков, облыстық жастар рессурстық орталығының директоры:
– Бұл фестивальдің бірден-бір ерекшелігі біздің өңіріміздегі кино индустрия саласына үлкен мән беріліп, жас таланттардың жылма-жыл артып келе жатқанын біз көзімізбен көріп отырмыз. Фестивальдің мақсаты – осы талантты шығармашыл жастарға қолдау көрсетіп, өнеріне, шығармашылығына жағдай жасау, мүмкіндік беру.