Қызылордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

185

0

Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
4-6 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. 5-6 қыркүйекте кей жерлерде шаңды дауыл соғып, бұршақ жауады. 4 қыркүйек таңертең және күндіз, 5-6 қыркүйек күндері батыстан жел соғып, оның бағыты солтүстікке ауысады және жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 5-6 қыркүйекте оның екпіні 23-28 м/с болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<