Қызылордалық полицейлер 1507 түп сораны тәркіледі

220

0

26 шілдеде «Көкнәр – 2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Жіңішкеқұм елді мекенінен шығыс бетке қарай 30 шақырымдай жерде  өсіруге заңмен тыйым салынған есірткі затына ұқсас өсімдікті аса ірі мөлшерде өсірген Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен қарап-тексеру жұмыстары барысында 1507 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп, жалпы салмағы 252 кг сора анықталды.

Аталған дерек  бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3 -тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<