ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚҰРАН ЖАТТАП ЖАРЫСТЫ

353

0

Қасиетті айда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің әйел шәкірттері Құран Кәрім сүрелерін жатқа оқудан сынға түсті.

80-ді алқымдаған қария анамыздан бастап 6 жасар балақайға дейін үміткерлер қатысқан сайыс екі номинация бойынша өткізілді.

Алдымен Құранның «Фил мен Нас сүрелері» аралығындағы сүрелерді жатқа оқудан сынға түсіп оза шыққан сайыскерлер:

І орын – Байтөре Жаннұр (10 000 тг);

ІІ орын – Жасағанбергенова Әсем (7 000 тг);

ІІІ орын – Әби Салтанат (5 000 тг) иеленсе,

«Духа мен Нас сүрелерін жатқа оқу» номинациясы бойынша:

І орын – Қуандық Ақерке (20 000 тг);

ІІ орын – Байназар Перизат (15 000 тг);

ІІІ орын – Төлепберген Гүлайым (10 000 тг) бәйге жүлделерін қанжығаларына байлады.

Жүлдегерлер қаржылай сыйақылармен марапатталса, өзге қатысушыларға өкілдік тарапынан алғыс хаттар табысталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<