Жағажайдағы арнайы тактикалық оқу-жаттығу

222

0

Қаладағы «Арай» жағажайында судағы төтенше жағдайдың алдын алу  мақсатында арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Аталмыш оқу-жаттығу Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтің қатысуымен өткізілді.
Оқу-жаттығуға қалалық «Арай» жағажайының ерікті құтқарушыларынан басқа, Қызылорда облысы ТЖД, «ОӨАЖҚЖ», «Апат медицинасы орталығы» филиалы, Қызылорда облысы әкімшілігінің жұмылдыру дайындығы басқармасының мамандары қатысты.
Оқу – жаттығудың мақсаты – жағажайда суға шомылып жатқан адамдардың абайсызда суға батуы кезінде ерікті құтқарушылардың суда адамды құтқаруы және оларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсете білуі болып табылады. Оқу-жаттығу шарты бойынша қайықтан құлаған 2 адам құтқару құрал-жабдықтарымен құтқарылды. Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар құтқару шеңбері мен Александрова ұшының  (ұшына жүк байланған арқанның) пайдаланылуын көрсетті. Одан соң суда зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуі  тексерілді.
Оқу-жаттығу өз деңгейінде өтті.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<