Жаңа жобаға қызығушылық танытуда

831

0

«Ауыл Аманаты» жобасын түсіндіруге арналған мобильді топтың бүгінгі сапары Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар, Ақтөбе ауылдарында жалғасын тапты.

Ауыл тұрғынына қолжетімді етіп, жобаларды шағын инвестициялармен жүзеге асыруға мүмкіндік беруге арналған жобаны егжей-тегжейлі түсіндірген мобильдік топ мүшелері тұрғындар тарапынан түскен сауалдар бойынша нақты жауаптар берді.

Дүр Оңғар ауылының азаматтары аталған жоба бойынша кооператив құру, жылыжай шаруашылығы және басқа да кіші бизнес түрлерімен айналысу туралы өз жоспарларымен бөліссе, Ақтөбеліктер берілетін несие кепілсіз болса және осы жобаны дөңгелетіп отырған өңірлерге сапар жасап тәжірибе алмассақ деген ұсыныстарын білдірді.

– Бұл қарапайым халық үшін өте тиімді екен. Өзім бала күннен көлік жөндеу ісін жақсы көремін. Осы жобаны пайдалана отырып көліктерге қызмет көрсету түрімен айналысуға осы бастан қажетті құжаттарды жинап бастаймын – деді ауыл тұрғыны Ерік Демесбаев.

Мобильді топ мүшелері тұрғындарға «Ауыл аманаты» қосалқы бағдарламасы халықтың табысын арттыру шеңберінде іске асырылатын болғандықтан арнайы талдау (скриниг) жүргізу арқылы елді мекенге қандай кәсіп көздері қолайлы екенін анықтап, тиісті шаралар қолданылатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<