Жаңару күнінде қазалылықтар 150 түп көшет екті

571

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін 19 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі бойынша «Жаңару күні» яғни қоғамның барлық салаларын жаңарту, ағаш көшеттерін отырғызып, түрлі экологиялық акцияларға үн қосу.

Осы ретте Қазалыда Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Көктемгі көшет» тал егу акциясына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, түрлі сала қызметкерлері мен белсенді жастар және еріктілер қатысып, аудан аумағын көшетпен көмкерді.

Жаңару күнінде қазалылықтар қарағаш, үйеңкі сынды 150 түп ағаш екті.

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетте игі бастамаға қолдау көрсетіп, әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл-желекпен көмкеруге үлес қосуы тиіс екенін айтып, қазалылықтарға жаңару күнінде бақ-береке тіледі.

Мұнан соң аудан басшысы тал егу акциясына үлес қосқан азаматтармен пікірлесіп, ақжарма тілегін арнады.

Тазалыққа үндейтін «Жаңару» күнінде қазалылықтардың басын қосқан экологиялық акция дәл бүгін ауданға қарасты барлық кент, қала және ауылдық округтерде жалғасын табуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<