Танымал қазақстандық актер Әбілмансұр Серіков қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жары мен қызын перзентханадан шығарып алу сәтін жариялады.
“Көптен күткен кездесу”, – делінген жазбада.
Алайда желідегі жұрт бұл жағдайдың қазір емес, бірнеше ай бұрын болғанын жарыса жазып жатыр. Көбі ерлі-зайыптыны бұған дейін де перзентімен бірге көрген.
“Бұрын босанғаны рас екен. Каржакпен жүр”, “Халық біліп айтады екен-ау”, “Кеше гендер-пати өтіп еді, бүгін босанып алғаны несі”, “Не болып кетті”, “2 ай бұрын үйленді, 1 ай бұрын гендер пати жасады, недеген жылдамдық?”, “– деп жазған олар.
Айта кетейік жас жұбайлар 2 мамыр күні баланың жынысын анықтаған еді.
Айта кетейік, Әбілмансұр Серіков – қазақстандық театр және кино актері. Ол танымал актер Әбунасыр және актриса Лиза Серіковтердің отбасында дүниеге келген.
Әбілмансұр Серіковтың алғашқы отбасынан екі ұлы бар. Актер экс-әйелі Фариза Ещановамен студенттік шақта танысып, отау құрған, алайда 2018 жылы ажырасып кетті. Бірінші жұбайы театр және кино актрисасы, сонымен қатар вокалдан сабақ берді. Өнер иесінің екінші жары – Ақмарал Танабаевада өнерден алыс емес, олар Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театрда бірге қызмет етіп, бірнеше қойылымда бой көрсеткен. Олар 2020 жылдың басында үйленіп, кейін жолдары екіге айырылды. Әртістердің ортақ екі ұлы бар.






