Құрылтай

Жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері қаралды

4

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібінде 2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

Мәжілісте жауапты сала басшылары есеп беріп, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалу деңгейіне жан-жақты талдау жасалды.

Аудан бойынша 2026 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысымен жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігінде оң өсім қалыптасып, бекітілген межелер орындалды.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 19 824 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 110,7 пайыз болды.

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 11 872 млн теңгеге жетіп, жоспар 113,2 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3 337,7 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,9 пайыз болды.

Тұрғын үй құрылысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 14 914 шаршы метрді құрап, жоспар 100,5 пайызға орындалды.

Бөлшек сауда көлемі 1 584,4 млн теңгеге жетіп, көрсеткіш 100,3 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 143,1 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 108,7 пайызға жетті.

Жиын барысында аудан әкімі Ардақ Ибраимов әрбір көрсеткіш бойынша нақты міндеттерге тоқталып, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы іске асырылуы және жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын тапсырды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі