Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 17-орында тұр

786

0

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими чемпион атанғаннан кейін Қазақстан медальдар кестесінде 17-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар универсиадада 19 медальге ие болды. Оның ішінде 2-і алтын, 7-і күміс, 10-ы қола.

Милад Карими кермедегі сайыстың финалдық сатысында бірінші орын алды. Көрсеткіші – 14,800.

Ол бұдан бұрын Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен екінші орынға табан тіреді.

Айта кетсек, бұдан бұрын алтын медальге ел құрамасынан таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) ме болған еді.

Жазғы универисада 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық 93 атлет спорттың 11 түрінен сайысқа түсуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<