Жеке бастама – спортқа серпін

7

0

Жалағаш кентінде бұқаралық спортты дамыту бағытындағы тағы бір маңызды нысан тұрғындар үшін қызмет көрсетуде.

Жоғары санаттағы стандартқа сай жасанды шөп төселген алаңда бүгінде мектеп оқушыларынан бастап ересектерге дейін тұрақты түрде жаттығып, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Арнайы сағаттық жүйемен жұмыс істейтін спорт нысаны тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға және аудан спортшыларының дайындық деңгейін арттыруға оң ықпалын тигізуде.

Спорт – денсаулықтың ғана емес, ұлт сапасының көрсеткіші. Сондықтан ауданда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.